
«Аққудың көз жасы»
28.03.2021 19:00 - 20:30
«Аққудың көз жасы»
Областной музыкально-драматический театр имени Нурмухана Жантурина
Актау, 8 микрорайон
Тел.: 8 (7292) 60-10-04
купить билет
Автор: Талғат Теменов
Премьера күні: 19-20 қараша 2017 жыл
Режиссёр: Талғат Теменов
Жанр: лирикалық драма
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас санаты:
Қосымша:
Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы «Раймалы» аңызы мен «Жәмилә» повесіндегі мәңгілік мөлдір махаббат, шынайы сүйіспеншілік желісі бойынша Қазақстанның Халық артисі, өнер иесі Талғат Теменов тың сахналық қойылымды өмірге әкелді.
«Аққудың көз жасы» деп аталған лирикалық драманың кейіпкерлері бастан кешкен махаббаттың, аққудың көз жасындай, мөлдір тамшылары жан əлемін мұңнан арылтып, сүйіспеншілік пен мейірім нұрына бөлейді.
Сол арқылы бүгінгі көрерменнің ет жүрегін елжіретіп, көңіл бағын мөлдір махаббаттың кәусарымен сусындатады. Адамзат жаралғалы бері бірге жасасып келе жатқан асыл махаббат сезімін кешеден бүгінге, бүгіннен болашаққа жалғастырады…
Билет қайтару шарттары: танысу