
«Қыз ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш
11.04.2019 19:00 - 21:00
«Қыз ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш
Филармония им. М.Оскинбаева Актау
Актау, микрорайон 5, здание 30
Тел.: +7(729)252-17-48, +7(729)252-17-49, +7(729)252-33-36, +7(729)252-17-47
купить билет
Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтетін қазақ поэзиясының заңғар шыңы, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз ғұмыр» атты әдеби-сазды кешіне шақырамыз.
Азамат болып ашынуды, пенде болып мұңдануды, перзент болып тебіреніп періште болып қуануды өлең шумақтарымен қаз қалпында жеткізе поэзия падишасының сөзіне жазылған әндер бұл кеште шырқалып, өлеңдері оқылады.
Концертке қатысатындар: Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры ҚР еңбегі сіңген қайраткері Рахат Мадреев, ҚР мәдениет қайраткері Жоламан Көшкінов, мәдениет саласының үздіктері Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Ақмарал Ерімбетова.
Республикалық байқаулардың жүлдегерлері: Сәбит Шектібаев, Айнұр Омарова, Әзімхан Баймағанбетов, Серіжан Масжанов, Екпін Толқынхан, Оспан Құлсымақ.
Болатын жері: 5 ш/а филармония залы.
Басталу уақыты: 11 сәуір, сағат 19:00.
Байланыс телефондары: 52-17-48; 87013875310.