«Алтын Адам»

Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Search in posts
Search in pages
location
event-recurring
event

Алтын Адам

«Алтын Адам»

30.11.2018 11:00 - 11:50

«Алтын Адам»

Государственный театр кукол
Алматы, Пушкина 63
Тел.: +7 727 234 79 22 Касса +7 727 222 20 10 Приемная

Для детей
Стоимость: от 700 тенге
купить билет

Әлібек Файзуллаұлы. Алтын адам (қазақ және орыс тілдерінде, орыс тіліне аударған Гүлзада Мейірханова) – Алматы мемлекеттік қуыршақ театры (қоюшы режиссеры – Юрий Уткин, Ресей Федерациясы).
Пьеса Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының 80 жылдығына орай сахналанып отыр. Автор қазақ халқының жеті кереметінің бірі әрі бірегейі, 1970 жылдары Жетісу өңіріндегі Есік өзенінің бойындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, бүкіл әлемді таңғалдырған Алтын адамды ертегі-қойылымға арқау етіп алған. Туынды осыдан 2500 жылдай бұрын, темір дәуірінде өмір сүрген бабаларымыздың бабалары – сақ тайпаларының өмір-тіршілігін жас көрермендердің көз алдына елестетіп, азаттық, бірлік жолындағы жанқиярлық ерлік-шежірелерін паш етеді. Бүгінде Қазақ Елінің тәуелсіздік символына айналып отырған Қанатты барысқа мінген Алтын адам балаларды жігерлендіріп, балалардың жүрегіне отаншылдық рухын молынан себері анық. Шымылдық ашылған кезде Алтын адамның: «Иә, біз шыбын жанымыз қыл үстінде тұрса да, өзімізді емес, келер ұрпағымыз бен еліміздің ертеңін ойладық! Солардың қамын жедік! Ел үшін күрес – ерге тиген үлес деп білдік! Солар үшін басымызды қатерге тігіп, өмірімізді құрбан еттік! Бірақ біз бұған ешқашан өкінген емеспіз! Өйткені күндердің күнінде еліміз біржола азат болып, азат ұрпақтың дүниеге келетініне, біз кәміл сендік!» – деген күркіреген дауысы жас жеткіншектердің көкірек көздерін ашары даусыз.
Пьесадағы екінші бір басты кейіпкер: Алтын бала – Азат – Азат хан сонау бір заманда Алтын адам көксеген азаттыққа қол жеткізеді. Ол басқарған ел дамып-өркендеп, атақ-даңқы бүкіл жержүзіне таралады. Осындай ерен жетістікке қол жеткізген оны өз көздерімен көріп, даналығынан үлгі-өнеге алу үшін дүниенің төрт бұрышынан небір әміршілер мен патшалар, небір ғұламалар мен ғалымдар Азат ханның еліне қарай толассыз ағылумен болады. Сөйтіп, Азат ханның есімі даңқталған үстіне даңқталып, елінің мерейі өскен үстіне өсе береді…
Жүргізуші – Баұыржан Наурызбайұлы, Бакытжан Каюов
Азат (Алтын бала)– Шоқан Күлназаров
Айбар – Батыр Ықласов
Ағила – Гүлбаршин Өнімбай
Бас құйын – Болат Момынжанов, Айдын Жақыпбаев
Бірінші құйын – Эльвира Сулейменова
Екінші құйын – Арай Байырбекова
Қала тұрғындары – Мәдениет қайраткері Марал Тәуекелова, Арай Сақтаганова, Гүлім Рахимова, Гүлвира Бейсенбаева, Мәдениет қайраткері Владислав Беркин, Болат Момынжанов, Айдын Жақыпбаев, Мақсат Камалов
Сахналық көлеңке:Алтай Тәуекелов, Эльвира Сүлейменова, Толқын Тлеулиева, Мерүерт Карибаева
Автор – Әлібек Файзұлла – ұлы
Қоюшы-режиссер – Юрий Уткин (Ресей Федерациясы)
Суретші – Ольга Ивченко (Ресей Федерациясы)
Балетмейстер – Гульжан Даулеткулова
Айқас қоюшы – Жалынбек Ахан
Музыкалық безендіру- Этно-фольклорлық ансамбль «Алан»
Аранжировкасы әрі ансамбльдің көркемдік жетекшісі– Абзал Арыкбаев
Директор әрі театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері– Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек

Загрузка карты ....
Keste.kz 2018-11-30


Вы не знаете куда пойти в Алматы в выходные или в пятницу вечером? На сайте keste.kz всегда размещена самая актуальная и полная афиша города Алматы.

Вечеринки, концерты, спектакли, выставки, фестивали и другие развлечения города Алматы. В Алматы проходят спектакли и концерты для детей. Вашим детям понравится ходить в цирк и на детские спектакли.

На нашем сайте вы узнаете, когда в Алматы приезжают известные артисты, сколько стоит билет в театр и в каком клубе провести вечер пятницы.

Если вы хотите рассказать о вечеринке, которой нет в нашей афише, пишите письмо на почту info@keste.kz.

Keste.kz