
«Ақан сері — Ақтоқты»
13.03.2017 18:30
«Ақан сері — Ақтоқты»
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
Авторы: Ғ. Мүсірепов
Жанр: Трагедия
Жас санаты: +7
Сипаттама:
Ұлттық драматургиямыздың жауһары «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы қай кез-кезең үшін де өміршең туынды.
Халық сүйіктісі, еркін де бекзат, сері Ақан! Ақанның сүйіктісі ару Ақтоқты! Олардың трагедиялы махаббаты. Бұл — зұлымдық пен ғаділеттің, жақсылық пен жамандықтың, ақ пенен қараның дүниенің өзіндей кәрі майданы. Қойылымға өзек болған идея – ақын мен биліктің, жаңа мен кертартпалықтың тартысы. Қарабайыр тұрмыс шеңберіне сыймаған Ақан көрермен алдындағы қысқа, бірақ мән мен мағынаға толы жалынды ғұмырын кешіп шықпақ. Безбүйрек, әккі қоғам ғашықтарды бір-бірінен ажыратып тынады. Бірақ олардың махаббаты – мәңгілік дастанға айналады. Бәлкім, ең басты жеңісі де осы шығар…