
«Дон Сезар де Базан»
01.02.2018 18:30 - 20:30
«Дон Сезар де Базан»
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
купить билет
Авторы: Ф.Дюмануар мен А.Д.Эннери
Аудармасы: Ә.Рахимов
Жанр: Драма
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: +7
Сипаттама:
Спектакль оқиғалары ХYII ғасырдағы Испанияда өтеді. Серілікпен жүріп әкеден қалған бар байлықтан айырылған Дон Сезар де Базан әлсізге қорған боламын деп түрмеге түсіп, өлім жазасына кесіледі. Бірақ, ғайыптан тайып құтылады, ол аз десеңіз, күтпеген жерден Мадрид тұрғындарының сүйіктісі, көше бишісі Маританадай сұлуға қолы жетеді. Ойламаған жерден графиня болған Маританаға испан королі де ғашық, ал, Бірінші министр королеваға ғашық… Небір интригаға толы қойылымдағы ән мен би, семсерлер сайысы, театрдағы театрдай күлдіргі оқиғалар көрерменін бей-жай қалдырмайды.
Бұл қойылым 19 ғасырдағы белгілі француз драматургтары Ф.Дюмануар мен А.Д’Эннери пьесасының қазақ театрында алғаш рет сахналануы.
Премьера: 19, 20 желтоқсан 2014 ж.