«Естайдың Қорланы»

Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Search in posts
Search in pages
location
event-recurring
event

Естайдың Қорланы

«Естайдың Қорланы»

13.03.2019 18:30 - 20:30

«Естайдың Қорланы»

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Алматы, Абылай-Хан 38
Тел.: 8 727 271 42 37

Театр
Стоимость: 600-1500 тенге
купить билет

Шығармашылық топ:

Қоюшы режиссер – Мұрат Ахманов
ҚР еңбек сіңірген артисі,
«Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы суретшісі – Индира Ихсан
Құм графикасын жасаған
Көлеңке көріністерін
қоюшы – Мейрам Хабибуллин
Бейне монтажын
жасаған – Данияр Сатыбалдиев
Музыкамен көркемдеуші – Торғын Рақымбаева
Режиссердің ассистенті — Сағат Жылгелдиев
ҚР еңбек сіңірген артисі
Режиссердің көмекшісі – Әлия Абсаттарова
Аннотациясы:
Ақын, драматург – Иран-Ғайыптың ( Мемлекеттік сыйлықтың лау-реаты ) «Естайдың Қорланы» махаббат-намасы – ғұмыр бойы таза, адал да пәк ғашықтық сезімдерін аялай білген қос мұңлық – Естай мен Қорлан жайындағы қойылым-дастан.

Естай – дауыс Қорлан – елеске, өмірде қолы жетпеген аңсар ғашығына:
«Құдіретім деп таныдым,
Құрбандығың болайын.
Сен мың жаса, Жарығым,
Мен-ақ көктей солайын!
Күрсінбе де, күрмелме –
Азғырар Ай, арбар Күн.
Сен жер басып жүргенде,
Махаббат – бар, Мен – бармын!» – деп үн қосады.
Бұл – нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы
үн… жәй емес, рухты үн.
Ал, біз осыдан артық айта аламыз ба?.. Әркімнің ішкі Әлемінде өз Қорландары мен өз Естайлары бар. Бастысы, Ай азғырып, Күн арбамай, ішкі дауысымыз алдамай, әдемі ғұмыр кешкенге не жетсін?!
«Естайдың Қорланы» қойылымы – жан-дүниеңізге астаң-кестең түрлі күйлерді кештіріп, Махаббат-Әлемінің Құдіретіне бас идірері хақ.
Ендеше, ағайын! Театрымызға келіп аталған жаңа қойылымды көріп, көңіл көкжиегіңізді кеңейтіп, жан-сарайыңызбен бір серпіліп, рухани байып қайтыңыз!
( Қойылым Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері,
Өмір мен Өнерде 40 жыл бойы қатар қанат самғап келе жатқан жарасымды жұп: Сағат Жылгелдиев пен Жібек Лебаеваның 60 жасқа толу мерейтойларына орай сахналанып отыр. )

Басталуы: сағат 18.30-да
Бағасы: 600 – 1500 тг

Загрузка карты ....
Keste.kz 2019-03-13


Вы не знаете куда пойти в Алматы в выходные или в пятницу вечером? На сайте keste.kz всегда размещена самая актуальная и полная афиша города Алматы.

Вечеринки, концерты, спектакли, выставки, фестивали и другие развлечения города Алматы. В Алматы проходят спектакли и концерты для детей. Вашим детям понравится ходить в цирк и на детские спектакли.

На нашем сайте вы узнаете, когда в Алматы приезжают известные артисты, сколько стоит билет в театр и в каком клубе провести вечер пятницы.

Если вы хотите рассказать о вечеринке, которой нет в нашей афише, пишите письмо на почту info@keste.kz.

Keste.kz