
«Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..»
21.02.2017 18:30
«Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..»
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
Авторы: Е.Жуасбек
Жанр: Комедия
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: +7
Сипаттама:
Бүгінгі күнгі бір отбасындағы ахуал бейнеленетін спектакль оқиғалары ащы күлкіге толы. Ұл мен қыз, келін мен күйеу бала, немерелерге дейін шетелдік есімді иеленген, құндылықтары да өзгерген бұл отбасы – кезіндегі кеңестік көзсіз интернационализмнің бүгінгі зардабының нақты көрінісі. Ұлттық болмысынан ажыраған ұл мен қыз, олардан өтіп туған немере мен жиен, күлкілі көрінетін қылықтары… «Өз қолын өзі кесе алмай отырған» ата-ананың өзек өртеген өкініштері… Қысқасы, бір отбасының, демек, қазіргі қазақ қоғамының да комедияландырылып көрсетілген қасіреті. «Тәрбие – тал бесіктен». Әрбір отбасы, әрбір өтеннің мықтылығы – ел мықтылығының бір кепілі. Ойланайық, ағайын.
Премьера: 3 қараша, 2010 ж.