
«Мәңгүрт». Гастроли театра им. Махамбета
19.04.2018 18:30 - 20:30
«Мәңгүрт». Гастроли театра им. Махамбета
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
купить билет
Шыңғыс Айтматов. «Мәңгүрт» драмасы
Режиссері: Гүлназ Қамысбаева
Оқиғада әйгілі «Найман Ана» аңызы желісі бойынша бүгінгі заман келбеті қабат көрсетіледі. Басын бәйгеге тігіп, өз перзенті үшін қауіп-қатерге толы жуан-жуандар арасына баласын іздеп барған Анасын туған ұлы танымайды. «Сенің әкең – Дөненбай! Атың – Жоламан!» деп Ана жүрек шырылдайды. Алайда, басына мал терісі қапталып, ақыл-есін жоғалтқан ұл – мәңгүртке айналған. Қожайындарын ғана тыңдайды. Айтқанын екі етпейді. Ұлымен кездесіп отырған Ана жуан-жуандарды көріп қалып қаша жөнеледі. Сол сәтте қожайындары Мәңгүртке «Ат» деп бұйырады. Баласы анасын көздеп садақ кереді.
Бүгінгі замандағы толған мәңгүрттерді де айтулы қойылым аяусыз сынайды.