
Оң қол
25.02.2021 18:30 - 20:30
Оң қол
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
купить билет
Автор: Т. Әбдік
Сахналық нұсқасын жасаған: Қ. Мұрат
Қоюшы-режиссер: А. Шарипов
Қоюшы-суретші: К. Түстікбаев
Режиссердің ассистенті: Ш. Пірназаров
Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова
Жанры: хоррор драма
Ұзақтығы:
Жас санаты: 16+
Жазушы Т. Әбдіктің «Оң қол» пьесасының оқиға желісі адам мен қоғам, адам мен əлеумет қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. Əрқилы тағдыр иелері өздерінің арман-мұңымен, қасірет-қайғысымен, қуаныш-ренішімен бой көрсетеді. Осы қатардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылауға тырысасың.
«Оң қол» қойылымындағы басты кейіпкер — Алманың бойындағы үздіксіз жүріп жатқан процес, үрей мен қорқыныш, өмір мен өлім арасындағы арпалыс, жан толғанысы кеңінен суреттелген. Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық əрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқатымен күресі заманаға берген бағасы, шығарған үкімі.
Жалпы, жазушы күнделікті өмірдегі пихологиялық кейіпкерлерді көрсете отырып, заманымыздың ауқымды шиеленістерін, философиялық тұрғыдан саралаған.