
«Қорқыттың көрі»
28.02.2018 18:30 - 20:30
«Қорқыттың көрі»
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
купить билет
Авторы: Иран-Ғайып
Жанр: Аңыз дастан
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас санаты: +7
Сипаттама:
…«Қорқыттың Көрі» – Қорқыт-Бабамыздың запырандай ащы аңыз-өміріне арнап қойылған Сахналық Түйсіктің Бейне-Тұжырымы.
«Қорқыттың Көрі» – Өркениеттің, Мәдениеттің, Өнердің, Күйдің – Қасиетті де Киелі Рухани Ұғымның – Жаназа-Реквиемі.
«Қорқыттың Көрі» – Дүние-Кезек – Діндер астасуы…
Қойылым оқиғасы – Расул (Мұхамед) Пайғамбар заманына жақын тұста (VII-VIII ғасырда) Баят (Сырдария өзені)бойында өтеді.
Қорқыт – Бүкіл Шығыс Өркениеті іргетасын қалаушылардың ішіндегі ең айтулы Тұлға.
Қорқыт – Күллі Азия Мәдениетінің Ұлы Қайнар-Бастау-Көзі.
Қорқыт – Алты Алаш Өнерінің Аңыз-Арысы.
Қорқыт – Қазақ Халқының Күй-Атасы.
Қорқыт – Қасиетті де Киелі Рухани Ұғым…
Премьера: 4, 5, 13 желтоқсан, 2014 ж.