
«Қыз мұңы»
30.03.2017 18:30
«Қыз мұңы»
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru
Авторы: И.Сапарбай
Жанр: Драма
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: +7
Сипаттама:
Спектакль арқауы – бүгінгі күн. Алматының Арбатында сурет салып отырған Ғазизге өз құрбылары арасынан Сағыныш даралана көрінеді. Ызғарлы Желтоқсан оқиғасы кезінде бастарынан қиындық-қорлықты бірге өткерген аруға ұқсайтындай ма, қалай?!. Сағынышты іздеп шыққан суретші кеше «бұйрықты орындағыш» лейтенант, бүгін күні өтсе де сырын бермейтін генералмен бетпе-бет келеді… Ал, сырлы да мұңды әуендер Ғазиз бен Сағыныштың адами болмыс, мөлдір сезімдерінен сыр шертеді.
Премьера: 26 қараша, 2011 ж.