Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры


Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Загрузка карты ....
Адрес: Алматы, Абая, 103
Тел.: Касса: 378 - 53 - 85 Қабылдау бөлімі: 378-54-00, 378-54-16 teatr_auezov@bk.ru

Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылды. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді болды. Театр шаңырағын көтеруге С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, тағы да басқа «самородок сары алтын» актерлер ат салыстыТөкпе ақын И.Байзақов, атақты әнші Ә.Қашаубаев, палуан Қ. Мұңайтпасовтар да осы қатардан табылды. Сондай-ақ театр өміріне З.Атабаева, М.Шамова, А.Абдуллина, Ш.Байзақова, О.Қашаубаева, Ж.Шанина, Д.Оңғарбаевалар белсене араласты. Театрдың ең алғашқы режиссерлері С.Қожамқұлов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев еді.

1928 жылы театр республиканың жаңа астанасы Алматыға қоныс аударып, 1930-жылдар белесінде ұжымға жаңа шығармашылық күш қосылды. Бұл қатарда Қ.Байсейітов, К. Байсейітова, Қ.Бейісов, Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә. Хасенов, Қ.Әділшінов, Ж.Өгізбаев, А.Жолымбетов, Р.Есімжанова, Р.Қойшыбаева, Ш.Айманов, С.Майқанова, Г.Сыздықова, т.б. атауға болады.

Бүгінгі таңда театрда:

1 — КСРО халық артисі,

10 — Қазақстанның халық артисі,

11 — Қазақстанның еңбек сіңірген артисі,

1 — ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері,

21 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

1 — КСРО Мемлекеттік сыйлық иегері,

3 — ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері,

3 — «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

3 — Қазақстан Жастар Одағы сыйлығы лауреаты,

11 — «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының лауреаты,

1 — Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

2 — Жалпыұлттық тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты;

3 — «Отан» ордені иегері,

1 — «Барыс» ордені иегері,

6 — «Парасат» ордені иегері,

16 — «Құрмет» ордені иегері,

1 — «Достық» орденінің иегерлері

сондай-ақ

6 — профессор,

9 — доцент,

1 — PhD докторы

— ғылым кандидаты қызмет етеді.

Бүгінгі таңда театр репертуарында ұлттық, шетелдік классикадан және бүгінгі драматургиядан 51 қойылым бар. Жалпы репертуардың 70 пайызы қазіргі заман тақырыбындағы пьесалар.

Ай сайын стационарда (үлкен және кіші зал) 30 шақты спектакль ойналады. Мұның сыртында ұжым облыс, аудандарға тақырыптық шағын гастрольдерге шығады.

Ближайшие мероприятия

Отсутствуют 🙁