«Ешкім де кінәлі емес…»

Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Search in posts
Search in pages
location
event-recurring
event

«Ешкім де кінәлі емес…»

12.03.2021 18:30 - 20:30

«Ешкім де кінәлі емес…»

Карагандинский областной казахский драматический театр имени Сакена Сейфуллина
Караганда, Бухар-Жырау 27
Тел.: 8 (7212) 42-02-97, 8 (7212) 41-39-89

Театр
Стоимость: от 800 тенге
купить билет

«… Сағыныш деген енді оралмайтын өтіп кеткен өмірдің елесі….» бұл  «Ешкім де кінәлі емес» кейіпкерлерінің  сарғайған сағынышы. Өткен өмірлерінің елесімен  бүгін өмір сүріп жатқан олар, ешкімге де өкпелемейді, ешкімді де кіналамайды.

Ересектерге арналған бақшадағы қариялардың өмірі. Кешке қарай «мені қашан алып кетеді екен, балам келе ме, қызым келе ме» деп жаутаңдаған жанарлар…

Өмірді үлкен театр десек, адамдар сол театрдың сахнасынан  өзін-өзі таниды, өзін-өзі түсінеді. 

Жазушы-драматург Роза Мұқанованың  «Ешкім де кінәлі емес» деп аталатын  драма-абсурд жанрында қағазға түскен терең философиялық бұл пьесада қазіргі қоғам ахуалы көрініс тапқан.  Өзінің қарақан басынан  басқа ешнәрсемен жұмысы жоқ, жақынына жаны ауырмайтын, ата-ана алдындағы парызын, күнделікті  тіршіліктің таусылмайтын күйбеңіне айырбастаған келін мен бала, қыз бен күйеу, қала берді  бүкіл жан-дүниесі қасаңданып кеткен толып жатқан адамдар. Құлағын тығындап алып,  музыкаға еліткен немере де әжесінің неге шырылдап жүргенін түсінбейді. 

Драма-абсурд  бағыты Батыс Еуропа драматургиясында 20-шы  ғасырдың орта шенінде пайда болды. Абсурд — қисынсыз, ақылға симайтын, логикамен қабыспайтын қимыл-әрекеттер мен сөздің, іс-әрекеттің, тіпті дерек-фактілердің жиынтығы деп түсінуге болады.

«Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурдының кейіпкерлері де солай, бір орында тұрып, велосипед тебеді,  дөңгелегі айналады, бірақ  ол жүрмейді,  жүріп бара жатырмын деп бір орынды таптап тұрған театр директоры….  Иә, бірақ мұның бәріне ешкім де кінәлі емес…

Загрузка карты ....
Keste.kz 2021-03-12

Выразите своё мнение



Вы не знаете куда пойти в Караганда в выходные или в пятницу вечером? На сайте keste.kz всегда размещена самая актуальная и полная афиша города Караганда.

Вечеринки, концерты, спектакли, выставки, фестивали и другие развлечения города Караганда. В Караганда проходят спектакли и концерты для детей. Вашим детям понравится ходить в цирк и на детские спектакли.

На нашем сайте вы узнаете, когда в Караганда приезжают известные артисты, сколько стоит билет в театр и в каком клубе провести вечер пятницы.

Если вы хотите рассказать о вечеринке, которой нет в нашей афише, пишите письмо на почту info@keste.kz.

Keste.kz