
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу»
25.02.2021 18:30 - 20:30
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу»
Карагандинский областной казахский драматический театр имени Сакена Сейфуллина
Караганда, Бухар-Жырау 27
Тел.: 8 (7212) 42-02-97, 8 (7212) 41-39-89
купить билет
Автор: Ғ. Мүсірепов
Режиссёр: Т. Жанботаев
Жанр: трагедия
Жас санаты: 14+
Ұзақтығы:
Қосымша:
Қозы Көрпеш -Баян сұлу -махаббат дастаны. Арманына жете алмаған қос ғашықтың трагедиясы.
Шынайы махаббат пен сүйіспеншілікке кедергі болған қатыгез әке үкімі, қатал тағдыр тәлкегі, байлық пен кедейлік тартысы -екі жасты ізгі арман, адал ниеттеріне жеткізбеді. Баянын іздеген жас батыр Қозының жолына тұрған Қодар, алаң көңіл қос мұңлық- Мақпал мен Күнікей, арам ниет Жантық, серттен тайған әке Қарабай сәулетті сыры бар лиро-эпос жырының негізгі кейіпкерлері.
Қазақтың белгілі классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтың қаламынан туғанына 80 жылдан асқан Қозы мен Баянның мәңгілік жыры – пәк махаббат сезімін, ұрпақтан ұрпаққа үлгі боларлық адалдық қасиеттерді арқау еткен. Ол қай дәуірде де көрерменін бейжай қалдырмайтын, ойлантып, толғандыратын құнды шығарма.