
Ақсу қаласына гастрольдік іссапар «Адасқандар»
01.02.2017 18:00
Ақсу қаласына гастрольдік іссапар «Адасқандар»
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры
Павлодар, Ломова, 140
Тел.:
Қойылым желісі ислам дінін өзгеше уағыздаушылардың арбауына түсіп, теріс ағымның ықпалында кеткен Баянғали есімді жас жігіттің өмірі жайында өрбиді. Санасы уланғаны сонша, жүріс-тұрысын түбегейлі өзгерткен ол ақыл-кеңестерін айтып, алдына кес-кестеп шыққан ата-анасын да кеудеден итереді. Сондағы мақсаттары оңай жолмен мол ақшаға қол жеткізіп, жайлы өмір сүру.
Ақыры, от пен оқтың арасына түсіп, ланкестік топтың мүшесіне айналғанын, жолынан жаңылғанын кеш түсініп, райынан қайтқанымен, өзі де әйелі де қаруластырының қолынан қаза табады.Â
Қоюшы режиссер – Р. Тәжібаева ҚР еңбек сіңірген әртісі
Реж. ассист. – Т. Атамбек ҚР мәдениет қайраткері
Қоюшы суретші- А. Шарипова
Муз. көркемдеуші — С. Уразалимова
Рольдер мен орындаушылар:
Асан /әкесі/ — Б.Шәнім ҚР мәдениет қайраткері, Ж.Доспаев ҚР мәдениет қайраткері
Азат /немересі/ — Т. Нұрмади
Баянғали /баласы /- А. Жалелов, Е. Боранбаев
Нұргүл /келіні/ — Е. Төлеубек, А. Садықова
Мәлік — Д.Әділ, Н. Сарқамбаев
Дүлей – М. Садығазин
Хасан өзбек — Е. Боранбаев, А. Жалелов
Саша /журналист/ — Х. Жылқыбай*
Жарқын /дәстүрлі дін ұстаушы/ – Р. Нығманов ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты
Бағила — А. Таспаева ҚР мәдениет қайраткері, Г. Қайырбекова ҚР мәдениет қайраткері
Кәмшат — Т. Атамбек ҚР мәдениет қайраткері
Мұрат — Б. Тоқатов, Е. Боранбаев
Тәуелсіз жастар ұйымының жетекшісі БҰҰ – С. Тәжібаев «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Б.Оқасов ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты
Сахнада көпшілік — театр әртістері