
«Король Лир»
14.03.2020 16:00 - 18:00
«Король Лир»
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры
Павлодар, Ломова, 140
Тел.:
купить билет
Автор: У.Шекспир
Премьера күні: 21 қараша 2019 ж.
Режиссёр: Әділет Ақанов
Актерлар:
Жанр: моноспектакль
Ұзақтығы:
Жас санаты: 7+
Қосымша:
Өтірікпен жалғанның, арамдықпен қулықтың оты шарпыған патшалық…
Қарттықты сезінген Король Лир қолындағы билікті сүйген үш қызына бөліп беріп, олардың өзін қалай жақсы көретінін білгісі келді. Ол өз атына деген махаббат пен алғысқа еті үйренген.
Тақ – жылы сөздермен, мадақ-мақтаулармен көмкерілген. Бірақ тақтағы таптаурынды бұзған Корделияның шындығы патшаның ашуын туғызды. Кенже қызының боямасыз шынайы сезімін, әпкелері Гонерилья мен Регананың у татыған тәтті сөздеріне айырбастаған Корольдің тағдыры күн өткен сайын шиеленісе түсті.
Лир патша жайлы, салтанатты өмір іздеп Гонерилья мен Реганаға барады. Олардың қатты өзергеніне күйініп, өзінің қателікке ұранғанын кеш түсінеді.
Сын мен шын өтіріктің қас дұшпаны екенін сезінген Король Лир сүрінген жерін іздейдей бастайды.
Бұл қойылымда ар соты алдындағы адамдардың тағдары баяндалады. Мейірімнен айырылған қоғамдағы тағдырлар шиеленісі суреттеледі. Адам болмысымен табиғатын арқау еткен Шекспирдің ойы, сахнада әртүрлі шешімдермен көрініс табады.
Қоюшы суретші — Ұлан Несілбай
Киім суретшісі — Қуат Түстікбаев
Билет қайтару шарттары: танысу