
«Дауылпаз баба- Қожаберген»
14.04.2021 16:00 - 18:00
«Дауылпаз баба- Қожаберген»
Северо-Казахстанский областной казахский музыкально-драматический театр имени Сабита Муканова
Петропавловск, Жамбыла Жабаева, 195
Тел.: 8 (7152) 412532
купить билет
Дауылпаз Баба- Қожаберген
Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанындағы саяси ахуалға берген бағасы бүгінгі күнмен үндесіп жатқан тәрізді. Дауылпаз бабаның қолбасшы, ел тағдырын ойлаған реформатор, стратег — мемелекет қайтаркері екендігі ұрпаққа аян. Замананың ұлы шежірешісі ретінде «Елім-ай» тарихи дастанында бір ғасырдың сырын, мұңын ашты: «Халқымның хал жағдайын өлең етіп, Жырладым апат күннің шежіресін», —деп зар заманның бейнесін дәл көрсетіп сипаттаған. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны қиын қыстау замандағы тарихи шындықты қалтқысыз бейнелеген теңдессіз жәдігер. Алмыш қойылым сол кездегі заман қасіреті туралы ғана емес, Қожаберген жыраудың болмысы, таланты, ақындығы мен батырлығы, көсемдігі, көрегендігі, ұлтшылдығы туралы. Сондықтан бүгінгі күнде осындай дана бабамыздың тарихтағы орны мен қайраткерлік тұлғасын кейінгі ұрпаққа насихат ету аса маңызды.«Елім-ай» шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттың сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла айтқан қайнар жыры мен сыры. «Елім-ай» — тарихи дастан.
Авторы: Аманжол Зағыпар, Баатырбек Шамбетов
Режиссері: Баатырбек Шамбетов
Суретшісі: Ниязакунов Садыр
Рөлдерде:
Қожаберген — Нұрбол Асқаров
Әз Тәуке -Даурен Тойбазаров
Бөгенбай батыр- Әділжан Каримов
Сыбан Рабдан — Асылхан Разиев
Айша — Самал Ташимова
Орыс Патшасы, Кіші жүз биі-Айбол Қасым
Жаршы, Екінші би-Думан Адыкенов
Бірінші Би, Орта жүз биі — Мухамедали Испанов
Ұлы жүз биі — Дінмұхамед Аяхвай
Жырау — Тұрақ Дұрысбеков
Айнура Бекманова
Гүлдана Асқарова
Аида Супатаева
Мақпал Серкебаева