
«Ғашықтар хикаясы»
06.02.2021 16:00 - 18:00
«Ғашықтар хикаясы»
Театр сатиры и юмора в Шымкенте
Шымкент, Казыбек би, 21
Тел.: +7 (7252) 92-11-53
купить билет
«Ғашықтар хикаясы»
/комедия/
Автор Қ.Жүнісов
Қоюшы режиссер М.Оразметов
Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы ғашықтық ғаламатына арнаған бүгінгі өміріміздегі жастар арасындағы махаббат символын аялауға шақыратын терең ойға құрылған, жастардың тамырын дөп басқан туынды.
Студенттік жылдардың тәтті шақтарына жетелейтін қойылымда жүректерін ғашықтық дерті бойлап, сезім тәлкегіне түскен студенттік өмір, жастық шақтағы сезім сергелдеңдері, оқу орындарында кездесетін түрлі мұңдар мен шаттықты оқиғалар қамтылған. Басты кейіпкер Дастан — актерлық бөлімде оқитын кіршіксіз махабат иесі. Достарын сүйгендерімен қауыштыру жолында біраз әлекке түсіп, өзі де сүйіктісінің кешіріміне ие болады. Қойылым осындай өмірдегі қайсы бір кездесіп жататын шындықтан сыр шертеді.
Қызыққа толы студенттік өмірге сапар шегіп, ғашықтар хикаясына куә боласыз.